Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Алматыда Төле би көшесін ұзартуға 13,6 млрд теңге бөлінеді

2026 жылы Төле би көшесін ұзарту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәслихат сессиясында мәлімдеді.

Аталған жобаны жүзеге асыруға 13,6 млрд теңге қарастырылған. Оның айтуынша, бұл ауданаралық көлік қатынасын жақсартып, іргелес көшелердегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Саин және Оңғарсынова көшелерін ұзарту жұмыстарын аяқтауға да қаржы бөлу көзделген.

Бауыржан Құдайбергеновтің айтуынша, қосымша 1,3 млрд теңге Алатау ауданындағы Ғажайып және Алғабас шағынаудандарында салынып жатқан жаңа мектептерге апаратын жолдың құрылысына жұмсалады.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

«Қызылорда – Жезқазған» жолы – көлік инфрақұрылымындағы маңызды жоба

Бұл бастамалар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыруға бағытталған