Қырыққұдық ерікті өрт сөндіру пункті әрдайым жауынгерлік дайындықта

0
14

Ерікті өрт сөндіру пункті «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ашылған. Ақмола облысының Қырыққұдық ауылында ашылғаннан бері пункт тек оқу-жаттығуларда ғана емес, нақты жағдайда да өз мүмкіндіктерін көрсетіп үлгерді.

Еріктілер ауылдық округ аумағында орын алған өрттерді сөндіру үшін бірнеше рет дабыл бойынша көтерілді. Пункттің құрылуы шақыру орнына жету уақытын едәуір қысқартып, елді мекеннің қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Жуырда ерікті өрт сөндіру пунктінің базасында жеке құраммен практикалық сабақтар өтті. Құтқарушылар су беру арқылы толық жауынгерлік қанат жаюды орындап, өрт сөндіру техникасының, жабдықтар мен құрал-саймандардың жарамдылығын тексерді. Іс-қимылдардың үйлесімділігіне және тәуліктің кез келген уақытында әрекет етуге дайындыққа ерекше назар аударылды.

Бүгінде «Ауыл құтқарушылары» ауылдық жерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді құралы ретінде өзін іс жүзінде дәлелдеп отырған нақты тетік.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ