Музыка, караоке және шоу: Алматыдағы Панфилов көшесіндегі Наурыз

0
12

Алматының қақ жүрегіндегі Панфилов жүргіншілер көшесі Наурыз мейрамы күндері нағыз ашық аспан астындағы мерекелік алаңға айналды. Мұнда әркім өзіне ұнаған қызықты іс таба алды.

Қала әкімдігі әуен мен шынайы эмоцияға толы мазмұнды бағдарлама ұсынды. Балалар үшін кинетикалық құммен жабдықталған дамыту аймағы жұмыс істеді. Әр бүлдіршін қиялға ерік берді. Айналаны күлкі кернеп, ата-аналар балалары жасаған шағын туындыларын сүйсіне тамашалады.

Музыкасүйер қауым «Караоке алаңында» бас қосып, заманауи хиттер мен халық әндерін шырқап, өздерін сахна жұлдызындай сезінді. Жиналған жұрт та әнге қосылып, өнерпаздарды қолдады.

Жастар «Ойна шоу» интерактивті бағдарламасына белсенді қатысып, түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орын алды. Бұл алаңдағы көтеріңкі көңіл күй мерекенің шырайын кіргізді.

Көше музыканттары мерекенің ажарын аша түсті. Олардың жанды дауысы айналаны әнге бөлеп, жиналған жұртты бір ырғаққа тоғыстырғандай әсер қалдырды.

Осылайша, Панфилов көшесі бұл күні жай серуен орны емес, көктемгі жаңару мен бірлік, шаттықтың шынайы символына айналды. Мұнда дәстүр мен заманауи мәдениет үйлесіп, бейбітшілік, достық пен ізгілік сынды Наурыздың басты құндылықтары айқын көрініс тапты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз