Көркем гимнастикадан «Aphrodite Cup» турнирі: астаналық спортшылар Афина төрінде топ жарды

0
13

Грекияның Афина қаласында көркем гимнастикадан «Aphrodite Cup» халықаралық турнирі өтті. Аталған жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады. Олардың қатарында Астана қаласының спортшылары да жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Атап айтқанда, ересектер арасында жекелей бағдарламада көпсайыс қорытындысы бойынша елордалық Ақмарал Ерекешева алтын медаль жеңіп алып, турнир жеңімпазы атанды. Финалда ол доппен

орындалған жаттығуда екінші орын (25,800) және булавамен орындалған жаттығуда бірінші орын (28,450) иеленді. Тағы бір спортшымыз Айым Мейіржанова лентамен орындалған жаттығуда (26,250) қола жүлдегер атанды.

Жасөспірімдер арасында жекелей бағдарламада көпсайыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары Анна Рубцова күміс медаль иеленсе, Айғаным Рысбек пен Анель Динишева қола жүлдегер атанды.

Финалдық жаттығуларда Айғаным Рысбек жоғары нәтиже көрсетіп, шығыршықпен орындалған жаттығуда алтын медаль (25,850), сондай-ақ доппен (25,850) және лентамен (25,200) орындалған жаттығуларда күміс медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасындағы топтық жаттығуларда Қазақстан құрамасы көпсайыс қорытындысы бойынша 43,55 ұпай жинап, бірінші орын иеленді. Финалда команда 5 доппен орындалған жаттығуда алтын медаль (22,150) және 5 лентамен орындалған жаттығуда күміс медаль (17,700) жеңіп алды.

Ересектер арасындағы топтық жаттығуларда да Қазақстан құрамасы 48,75 ұпай жинап, көпсайыста бірінші орын алды.

5 доппен орындалған финалдық жаттығуда команда алтын медаль (23,650) иеленді.

«Aphrodite Cup» турниріндегі Қазақстан құрамасының жалпы нәтижесі:
• Алтын – 7 медаль;
• күміс – 5 медаль;
• қола – 3 медаль.

Бұл жоғары нәтижелер – спортшылардың табанды еңбегі мен кәсіби бапкерлер құрамының жүйелі дайындығының жемісі.

Спортшыларды Астана қаласы әкімдігінің №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің жаттықтырушылары дайындады.

Атап айтқанда: аға жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева, жаттықтырушылар – Елена Фотина, Оксана Нечитайло.
Хореографтар: Сая Айдыс, Шыңғыс Оспанбаев, Карина Аблакова.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ