Қазақстанда жол-жөндеу маусымы басталды

0
14

Қазақстанда кезекті жол-құрылыс маусымы басталды. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының орташа және күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.

Қазіргі уақытта жол жұмыстары белсенді түрде елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде жүргізілуде. Солтүстік облыстарда жобаларды іске асыру ауа райы жағдайлары тұрақталғаннан кейін басталады. Қазіргі кезеңде бұл өңірлерде құрылыс маусымына дайындық, оның ішінде қажетті материалдарды дайындау, сондай-ақ техника мен персоналды мобилизациялау жұмыстары атқарылуда.

2026 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу бойынша ауқымды жоба іске асырылып, жалпы 122 нысан қамтылады. Оның 73-і 2025 жылдан өтпелі нысандар болса, тағы 49-ы — жаңа жобалар.

Орташа жөндеу бағыттары елдің негізгі көлік дәліздерін қамтиды, соның ішінде Жезқазған — Петропавл, Алматы — Шелек — Қорғас, Атырау — Орал, Астана — Ерейментау — Шідерті және басқа да өңірлерді өзара әрі көршілес елдермен байланыстыратын бағыттар бар.

Сонымен қатар күрделі жөндеу жұмыстары қатар жүргізілуде: 2026 жылы 25 нысандағы жұмыстарды аяқтау жоспарланған, оның 20-сы өткен жылдан ауысып келе жатқан нысандар. Барлық нысан бойынша мердігер ұйымдар анықталған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ