«Шаттық» байқауы жыл бойы өтіп келе жатыр

0
20

Астанадағы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында ХІX «Шаттық-2026» қалалық шығармашылық байқауы өтіп жатыр. Бұл сайыс 2 сәуірден бастау алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Шаттық» байқауы жыл бойы өтіп келе жатыр. Ол – дарынды жастарды қолдауға, олардың жеке шығармашылық стилін қалыптастыруға және бастамаларын дамытуға ықпал ететін маңызды мәдени-білім беруге арналған жоба.

Байқауда хореография, театр, вокал, аспаптық жанр, бейнелеу өнері, фотосурет және хор өнері қамтылған. «Шаттық» байқауы жыл сайын жаңа есімдерді ашып, дарынды жастарды қолдап, елорданың мәдени әлеуетін дамытуға зор үлес қосып келеді.

«Бұл – еліміздің өңірлерінде баламасы жоқ бірегей мәдени-білім беру алаңы. Жоба елордадағы білім беру ұйымдарының балалар мен жасөспірімдерін біріктіріп, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өз жетістіктерін кең аудиторияға ұсынуға және өнер әлеміне алғашқы қадам жасауына мүмкіндік береді. Шара 8 жанр бойынша өтеді. Мақсаты өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған. Биыл Цифрландыру және ЖИ жылы болғандықтан басымдықты соған беріп отырмыз. 129 білім беру ұйымынан өтініш түсіп, 8 мыңға жуық бала қатысып отыр. Басты ұйымдастырушы Астана қаласының білім басқармасы екендігін айта кету керек», – деді М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы директорының орынбасары Айымгүл Жабаева.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ