Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетРуханият

Алматыда Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған әдеби-танымдық кеш өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Қажымұқан – әлем таныған тұлға» атты кеш ұйымдастырылды. Іс-шара қазақтан шыққан тұңғыш әлемдік деңгейдегі кәсіби спортшы, балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына орай өтті.

Кешке спорт саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Қатысушыларға Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы, спорттағы жетістіктері, ұлттық күресті дамытуға қосқан үлесі және қазақ халқын әлемге танытудағы рөлі туралы мазмұнды ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар балуанның өмірі мен қызметіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеш барысында қатысушылар спорт қайраткерлерінің тарихи мұрасы туралы пікір білдіріп, осындай тағылымды кездесулердің маңызын атап өтті. Олар ел тарихында ерекше орны бар тұлғалардың есімін ұмытпай, кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды.

Сәйкес жаңалықтар

AI’preneurs 2026: AI-стартаптарға арналған акселератордың төртінші легіне өтінім қабылдау басталды

Байқаудың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды

Қазақстанның дарынды оқушыларынан құралған ұлттық құрама ел намысын қорғайды