Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарЭкономика

Кәсіпкерлік, инвестиция және туризм өзара тығыз байланысты

gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының орталығында жеке инвестициялар есебінен «Monotel» жаңа қонақүйі ашылды. Нысанның ашылу рәсіміне ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Жобаны жеке инвестор Мейрамбек Садықов жүзеге асырды. Инвестиция көлемі 2,2 млрд теңгені құрады.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, мұндай бастамалар өңір экономикасының дамуына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар бұл жоба 50 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

«Кәсіпкерлік, инвестиция және туризм өзара тығыз байланысты. Бір бағыт екіншісінсіз дами алмайды. Жаңа орналастыру нысандарының пайда болуы – аймақтың инвестициялық тартымдылығының көрсеткіші. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына қосымша серпін береді, – деді облыс әкімі.

Қонақүйде жалпы сыйымдылығы 92 адамды құрайтын 46 нөмір бар: 32 стандартты, сегіз жартылай люкс, екі люкс және төрт президенттік нөмір. Сондай-ақ 200 орынға арналған мейрамхана жұмыс істейді.

Жаңа қонақүйдің ашылуы – өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытудағы және қонақтарға көрсетілетін қызмет сапасын арттырудағы тағы бір маңызды қадам.

Сәйкес жаңалықтар

Рудный қаласында 900 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын мектеп ашылды

Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

zamandas69@mail.ru

Публицист, жазушы Шархан Қазығұлдың “Таңдамалы шығармалар” жинағы жарық көрді

zamandas69@mail.ru