Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетҒылым-Білім

Кітапханалар заманауи цифрлық шешімдерге көшуде

gov.kz

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы білім беру ұйымдарының кітапханалық қызметін жаңғырту, оқырман мәдениетін дамыту және ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту мақсатында бірқатар заманауи ақпараттық жүйелерді әзірлеп, қолданысқа енгізуде.

Бұл цифрлық платформалар кітапхана қорын тиімді басқаруға, оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуге, электронды ресурстарды кеңінен пайдалануға және білім беру үдерісін қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, жүйелер білім алушылардың оқу белсенділігін арттыруға, талдау мен мониторинг жүргізуге, кітап оқуды насихаттаудың жаңа форматтарын дамытуға мүмкіндік береді.

Аталған ақпараттық шешімдер білім беру ұйымдары кітапханаларының жұмысын біріздендіріп, цифрлық трансформация талаптарына сәйкес заманауи қызмет көрсету моделін қалыптастыруға ықпал етеді.

Сәйкес жаңалықтар

Қызылордада Ұлы Жеңіс батырларын еске алуға арналған митинг өтті

zamandas69@mail.ru

Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын барынша азайту бағытында шаралар қабылдауда

Қарағандылық спортшылар артистік жүзуден Әлем кубогының алғашқы кезеңінде 11 медаль жеңіп алды