Көкшетауда жас сақшылар ҚР ІІМ “Арлан” спорт клубына қосылды

Көкшетауда полиция сыныптарының оқушылары елімізде алғашқы болып ҚР ІІМ “Арлан” спорт клубына қосылды.
Көкшетауда “Жас сақшы” полиция сыныптарының оқушылары еліміздің барлық бейінді сыныптары арасында алғашқы болып ҚР ІІМ “Арлан” спорт клубының мүшелері атанды.
Куәліктерді тапсыру салтанаты 30 сәуірде жалпы гарнизондық жиында өтті. Полиция департаменті басшылығының атынан бастықтың орынбасары Аслан Қызбикенов құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығын және оқушылар алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктерді атап өтті.
— Спорт клубына қосылу – бұл дене шынықтыруды дамытуға, тәртіпті нығайтуға және жауапкершілікті қалыптастыруға қосымша ынталандыру, – деп атап өтті Аслан Қызбикенов.
Полицейлер “Арлан” ведомстволық клубымен ынтымақтастық жасөспірімдердің Ішкі істер органдарында болашақ қызметке қажетті төзімділікті, ақыл-ой күшін және командалық қасиеттерін дамытуға бағытталғанына сенімді. Сонымен қатар, спортпен шұғылдану салауатты өмір салтын насихаттауға және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.
Спорт клубтың базасында оқушылар өздерінің сүйікті спорт түрлерімен шұғылдана алады, спортсмен-полицейлерден шеберлік сабақтарын алып, халықаралық спорт ареналарында табысқа жете алады.
“Арлан” спорт клубы осы жылдың сәуір айында құрылды. Ол дене шынықтырудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға, қызметтік-қолданбалы спорт түрлерін дамытуға, құрама командаларды нығайтуға және ведомство ішінде спорттық жұмысты үйлестіруге бағытталған.









