Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетӨнер

«Бірлік» ансамблі Макао өнер фестивалінің ашылуында өнер көрсетті

Қытай Халық Республикасының Макао қаласында 36-шы Макао өнер фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Фестивальдің ашылуы аясында Макао мәдени орталығында «Бірлік» мемлекеттік би ансамблі жергілікті шығармашылық ұжыммен бірге «Жібек жолындағы лотос – қозғалыстағы дәстүр» тақырыбындағы концерттік бағдарламаны ұсынды. Іс-шара Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы аясында ұйымдастырылды.

Концертке Макао мәдениет істері бюросының президенті Леонг Вай Ман, ҚХР-дың Макао арнайы әкімшілік ауданындағы Орталық халық үкіметі өкілдігінің насихат, мәдениет және спорт істері департаменті директорының орынбасары Бай Бин, ҚХР Сыртқы істер министрлігінің Макаодағы комиссары кеңсесінің ақпарат және қоғамдық дипломатия департаментінің кеңесшісі әрі директоры Гао Юань, TDM – Teledifusão de Macau, S.A. атқарушы комитетінің төрағасы Ло Сон Ман және MGM компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Серена Чин, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Концерт барысында «Бірлік» ансамблі қазақ би өнерінің бояуын заманауи сахна мәнерімен ұштастырған қойылымдарымен көрермен ықыласына бөленді.

Фестиваль аясында «Бірлік» мемлекеттік би ансамблі Макао қаласының саябақтары мен аллеяларын қоса алғанда, төрт ашық алаңда өнер көрсетті. Қала тұрғындары мен қонақтарға қазақтың ұлттық билерімен қатар, Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерінің билері де ұсынылды.

Биыл 36-шы Макао өнер фестивалі 27 маусымға дейін жалғасады.

Сәйкес жаңалықтар

Tinder қосымшасы арқылы өзін «Нұрай» деп таныстырған жігіт 4 миллион теңгеге алдады

Балалар денсаулығын жақсарту мақсатында денсаулық сақтау жүйесіне жаңа міндеттер қойылды

Бұл зертхана – идеядан нақты іске айналған серіктестіктің айқын нәтижесі

zamandas69@mail.ru