Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСаясат

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Мәртебелі мейманды елорда әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Түркия Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.

Түркия Президентінің келуіне орай трап алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар Режеп Тайип Ердоған бастаған Түркия елінің ресми делегациясына «Ata yurda hoş geldiniz!» – «Атажұртқа қош келдіңіз!» деп екі тілде қошемет көрсетті.

Сол сәтте Түркия мен Қазақстан туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті.

Әуежай терминалында жас өнерпаздар Түрік елінің көшбасшысына арнап «Домбыра» композициясын орындады.

 

 


Сәйкес жаңалықтар

«Арманымыз орындалды»: Марқакөл тұрғындары Президент пен партияға алғысын білдірді

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Жаңа оқу жылына дайындық: биыл әлеуметтік көмек ата-ананың шотына аударылды