Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді

Түркістан қаласы
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты.Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды.

Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.

Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.

Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.

 

Сәйкес жаңалықтар

ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

zd_admin

Алматыда белгіленген мерзімнен бұрын қаланың жол инфрақұрылымын ретке келтіру жұмыстары басталды

Әз-Наурыз мерекесі жақсылықтың жаршысы, жаңарудың нышаны

zamandas69@mail.ru