Астаналық спортшы Мансұр Естеу Мәскеу қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) ашық кубогында Қазақстан құрамасы сапында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Рапирамен семсерлесуден ерлер арасындағы командалық жарыста ел намысын Мансұр Естеу, Ғалым Нұрымов, Тимофей Семёнов және Евгений Токанов қорғады.
Қазақстандық спортшылар халықаралық додада үздік үштікке еніп, жарыстың қола жүлдегері атанды.
