Интернет кеңістігінде әлеуметтік жәрдемақылардың күшін жою немесе мөлшерін қысқарту, сондай-ақ азаматтарды мемлекеттік қолдаудан айыру туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.
Мемлекеттің басты ұстанымы – азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін толық орындау.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге, оның әділдігі мен атаулылығын арттыруға бағытталған.
Бұл ретте отбасының материалдық жағдайына қарамастан, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақылар сақталады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер, оның ішінде жүктілікке және босануға, сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты төлемдер отбасының материалдық жағдайына қарамастан, толық көлемде жүзеге асырылады.
Ал республикалық бюджеттен төленетін 36 түрлі жәрдемақының 12-сіне қатысты келесі жылдан бастап отбасының материалдық жағдайын ескере отырып, неғұрлым атаулы тәсілді қолдану көзделген.

Осылайша, әлеуметтік кепілдіктерді жою туралы емес, мемлекеттік қолдаудың жекелеген түрлерін ұсыну тетіктерін жетілдіру туралы сөз болып отыр.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды тек ведомствоның ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.
