Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарКәсіпҚоғам

Кентаулық кәсіпкер жылына 20 тоннадан астам қырыққабат өндіреді

Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Соның бірі – «Абдашим» шаруа қожалығы. Кәсібін шағын үй іргелік диқаншылықтан бастаған шаруа иесі бүгінде бір гектар аумақта заманауи үлгідегі жылыжай шаруашылығын жолға қойған. Кореялық технология негізінде салынған жылыжайда жылына екі рет өнім алынады. Көктем мезгілінде қызанақ пен қияр өсірілсе, күзгі маусымда қырыққабат егіледі.
Бүгінде жылыжайда 10-ға жуық жұмысшы тұрақты еңбек етеді. Ал өнім жинау науқаны кезінде қосымша жұмыс күші тартылады.
Кәсіпкердің сөзінше, қазіргі таңда жылыжайда күзгі қырыққабат пісіп, гектарынан шамамен 20-25 тонна қырыққабат жинау жоспарлануда.
Жиналған өнім Кентау және Түркістан қалаларындағы сауда орындарында саудаланады. Сонымен қатар, кәсіп иесі өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында қосымша 3 гектар жерге жылыжай салу жұмыстарын қолға алған.

Сәйкес жаңалықтар

Ауылда денсаулық сақтау: Олжас Бектенов медицина нысандарын салу бойынша тапсырмалардың орындалу қарқынын тексерді

zamandas_kz

Бала тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз

zamandas_kz

Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойын мерекелеудің басталуына орай салтанатты іс-шара өтті

zamandas_kz