М.ӘЙТЕНОВ: БҮГІН МЕКТЕБІНЕ ҮЛЕС ҚОСҚАН БАЛА, ЕРТЕҢ ЕЛІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

0
474

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала педагогтарының дәстүрлі тамыз конференциясында ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Жиынға қала әкімімен бірге Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Қала мектептерінің дәстүрлі оқу форматына дайындығын атап өткен қала басшысы балалардың денсаулығын сақтау бірінші кезектегі мәселе екендігіне көңіл бөлді.

Қала әкімінің айтуынша, зияткер ұрпақ тәрбиелеу басты стратегиялық міндет болып белгіленген. Білім саласында мақсатты индикаторлық көрсеткіштер қойылып, адами капиталдың сапасын арттыру міндеттері межеленген. Бұл бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру ұйымдарының құрылысын жүргізу, олардың жабдықталу деңгейін арттыру, білім саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жолға қою, педагог кадрлардың әлеуетін көтеру, тағы басқа маңызды көрсеткіштер қамтылған. Алдағы 5 жылда қалада 72 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланып, үш ауысымды мектептер мәселесі мен мектебі жоқ шағынаудандар мен тұрғын алаптарда жаңа мектептер салынбақ. Биылдың өзінде 32 мектептің құрылысы басталып, 20 мектеп жыл соңына дейін іске қосылмақ. 16 мектептің құрылысына жеке инвесторлар тартылған. Мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуде қалалық мәслихат та қолдау көрсетіп келеді.

Білім саласына мемлекет тарапынан қамқорлық жыл санап артып отырғандығын мәлімдеген қала басшысы, педагогтардан тек білім сапасын арттыру ғана күтілетінін айтты. Оқушыларымыз білім олимпиадалары мен ұлттық тестілеу көрсеткіштерінен оқ бойы озық тұруы керек деген талабын жеткізді. «Бүгін мектебіне үлес қосқан бала, ертең еліне үлес қосатын болады», — деп атап өтті қала әкімі. Зияткерлік бәсеке орныққан бүгінгідей кезеңде балаларымыз өздерін күнделікті жетілдіруі тиіс деген қала басшысы, ұстаздарды балаларымызды жан-жақты дамытуға шақырды.
Білім сапасы сыналатын қазіргі уақыт ұстаздар біліктілігін де үнемі шыңдауды талап ететінін атап өтті. Кәсіби тұрғыда дайындығы мықты педагог қай кезде де жоғары сұраныста болатынына назар аударды.

Мектептің бала тәрбиесіндегі роліне тоқталған қала әкімі, оқушылардың қосымша біліммен, тәрбие шараларымен қамтудың маңызы зор екенін айтты. Бұл бағытта спорттық және шығармашылық үйірмелер жанданып жатқандығын, балаларымыздың жан-жақты дамуы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылғанын атап өтті. Сынып жетекшілеріне осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды.

Технологиялық мүмкіндіктер тұрмысымызды барынша оңайластырып жатқандығын атап өткен қала басшысы, интернет кеңістіктің бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторларын да ескеруді сұрады. Балаларды киберкеңістіктегі нашақорлық бизнесінен барынша қорғап, олардың әлеуметтік желідегі белсенділігін бақылауда ұстауды тапсырды.

Мұрат Дүйсенбекұлы колледждер еңбек нарығына қажетті техникалық мамандар даярлаудың орталығы болуы тиіс екендігін атап өтті. Бұл бағытта сала жетекшілеріне қала колледждерінде құрылысшы мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды тапсырды.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі берілген тапсырмалар қаланың білім сапасын жаңа деңгейге шығарады деген сенімін білдірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ