Жаңкош Тұраров Алматыдағы сот орындаушысымен болған жанжалға қатысты жауап берді

0
282

Боксшы Жаңкош Тұраров ҚР Жеке сот орындаушылар палатасы жасаған айыптауға қатысты жауап берді.

Оның айтуынша, кеңейтілген үйде тұратын әйел оның әпкесі болып келеді.

Әпкем балабақшадан баласын әкеліп беруді өтінді, өзі үйге қатысты болып жатқан жанжалға қатысты шыға алмайтын болды. Мен үйге келгенде әпкем жылап отырды, ал жұмысшылар қақпаны бұзып жатты. Оларға барып үйді не үшін бұзғалы жатқанын сұрадым, өйткені алдыда қыс келе жатыр, адамдар далада қалады ғой. Оларға түсіністікпен қарауды өтіндім. Содан кейін олар жұмысын тоқтатты. Осыдан басқа менің қатысым жоқ. Сол сәтте үйдің арғы бетінен айғай-шу шықты. Бірақ мен ешкімге қоқаң-лоққы жасағам жоқ және полицидан арызыңды ал деп ешкімге айтқаным жоқ, — дейді боксшы.

Сондай-ақ Полиция департаменті де Республикалық жеке сот палатасы таққан айыптауға қатысты жауап берді. Бұған дейін сот орындаушы соққыға жығылғанда қасындағы полиция қызметкерлері ешқандай шара қолданбай, қашып кетті делінген еді.

Бостандық ауданы Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиевтің айтуынша, салынған үйді мәжбүрлі сүру кезінде екі тарапатан да полицияға 5-6 рет шақырту түскен.

Соққыға жығылған сот орынадаушы ол үйге полиция қызметкерлерінсіз барған. Ол сот шешімімен заңсыз салынды деген үйді бұзуға өзімен бірге алты адамды ертіп апарған. Сол кезде жанжал басталған, «102» пультіне шақырту түсті. «Боран» экипажы оқиға орнына бірден барды. Полиция келгенде ер адам екіншісін ұрған. Осыдан кейін бір полицей шабуыл жасаушыны ұстайды, ал екіншісі сол жерде жиналған басқа да адамдардың төбелеске араласып кетпеуін қамтамасыз еткен, — дейді ол.

Полицейдің адамдарды сабырға шақыруының арқасында оқиғаның арты төбелеске ұласпай, тыныш аяқталған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 4 қазан күні заңсыз салынған үйді сүру кезінде сот орындаушы соққыға жығылған. Желіде тараған видеодан үй иесінің сот орындаушыны бауыры тұсынан ұрғанын көруге болады. Сондай-ақ сол жерде полиция қызметкерлері де болған. Белгілі болғандай, сот орындаушысына және басқа адамдарға қысым жасау мақсатында боксшы Жанқош Жасұланұлы Тұраров оқиға орнына келген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз