Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

«Qatar Airways» Қазақстанға әуе рейстерін ашады

19 қарашадан бастап «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха – Алматы – Доха бағыты бойынша Қазақстанға тұрақты рейстермен ұшуды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды zamandas.kz сайты ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 әуе кемелерімен аптаның дүйсенбі және жұма күндері 2 реттен орындалады.

Екі ел арасында тұрақты рейстердің ашылуы сауда- экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Сәйкес жаңалықтар

Әкімдер аймақтық жастар кадр резервіне іріктеудің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуі керек – ҚР Президенті

Шымкентте экстремизмді насихаттаған адам сотталды

Ауыл шаруашылығы жерлерінің картасын цифрландыру 2024 жылы аяқталады