Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Министр Pfizer-ды ақысыз салдыру туралы сұраққа жауап берді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын елімізде ақысыз түрде салдыру туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zamandas.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Министр елімізге жеткізілген барлық вакцина тиімді әрі қауіпсіз болуын бақылайтын тиісті реттеуші бар екенін айтты.

«Бұл тұрғыда жеке адамның өз таңдау құқығы бар. Мәселен, тұмау бойынша вакцинаға тоқталсақ, біз нарықта қолжетімдісін сатып аламыз да, азаматтарға ақысыз түрде ұсынамыз. Ал кейбірі бөлек ерекше брендті сұратады», – деді А. Цой Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар министрге тілшілер «Pfizer вакцинасы не үшін керек ?» деген сұрақ қойды.

«Негізгі уәж – адамдар шетелге сапарлағысы келеді. Егер Еуропаға баруға ақшаңыз болса, төлеңіз», – деді Алексей Цой.

Сәйкес жаңалықтар

Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстан бір күнде 8 алтын, 2 күміс жеңіп алды

Алматыда джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтеді

zamandas69@mail.ru

Жемқорлыққа қарсы байқау: 8-сынып оқушысы компьютер ойынын ойлап тапты, астаналық студент комикс жазып шықты

zamandas69@mail.ru