Қайрат Нұртастың інісі қалыңдығын ұзатып үйіне әкелді

0
707

Жақында келіншегін таныстырған Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас қалыңдығын ұзатып әкелді.

Заңғар Нұртас Instagram-дағы парақшасында қалыңдығының ұзатуынан видео жариялады. Ал оған қалдырған жазбасында қалыңдығын ең бақытты етуге сөз берді.

“Анамнан кейін ең бақытты әйел қыламын ИншаАллах”, – деп жазды ол.

Жары Жібек те “Маған әрқашан осылай қарағаныңды қалаймын” деп жазды.

Желі қолданушылары да жылы лебізін білдіріп жатыр:

“Мiне, нағыз азамат, жарайсың. Сөзіңде тұр”.

“Заңғар ақылды екенсің осындай сөз жазған, бақытты бол”.

“Не деген ақылды ұлдың сөзі, керемет! Әрбір қазақтың ұлы сендей-ақ болсын, Заңғар. Бақытты, баянды, үбірлі-шүбірлі ғұмыр кешіңдер! Махаббаттарың мәңгі баянды болсын”.

“Бақытты қыз екен, жақсы әулетке келін болды. Қандай жігітке тұрмысқа шығып жатыр, қадірін білетін шығар деп үміттенемін”.

Бұған дейін танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кенже ұлын үйлендіргелі жатқаны белгілі болған еді. Продюсер қыздың қолын сұрап барғанда орындалатын барлық салт-дәстүр сақталғанын айтып, жаңа келінімен, құда-құдағиларымен бірге түскен суреттерін жариялады.

Tengrinews.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ