ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ТАПШЫЛЫҒЫНАН ҚҰТЫЛМАҚ

Енді қызылордалықтар үшін электр энергиясында айтарлықтай мәселе туындамайды. Себебі жуырда Сыр елінде құны 215 млрд теңгені құрайтын заманауи үлгідегі жаңа электр станциясын салу жұмыстары басталмақ.
0
239
Бүгін нысан құрылысын жүргізетін инвестор компания анықталды. Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша түрік компаниясы «Акса Энерджи Уретим Аноним Ширкети» акционерлік қоғамы жеңімпаз атанған. Енді мердігер мекеме бу-газ қондырғысын жыл аяғында бастап, 2025 жылы ел игілігіне пайдалануға береді.
Қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа нысан энергия жетіспеушілігін едәуір төмендетеді. Себебі осы кезге қаладағы электр желілері 50-60 жылдан астам үздіксіз жұмыс жасап келгендіктен, әбден тозығы жеткен. Бұл сөзсіз электр жүктемесіне салмақ салады.
Айту керек, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ үшін өзекті электр энергиясы мәселесін орнықты түрде шешу үшін Энергетика министрлігімен бірлескен жұмыстарды атқарды. Нәтижесінде, ведомство басшысы ­Болат Ақшолақов бұл жобаға қолдау білдіретінін жеткізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ