Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-Білім

Оқу-ағарту министрі Білім басқармалары басшыларымен кеңес өткізді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің барлық облысының білім басқармалары басшыларымен кеңес өткізді.

 

Министр ұсыныстарды, атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпаратты тыңдап, негізгі міндеттерді атады.

Кеңесте Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов баяндама жасап, министрлікке қоғамнан көптеген өтініш түсіп жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, бұл жергілікті атқарушы органдардың мәселелерді дер кезінде шешпей отырғанының белгісі.

«2022 жылғы қарашада министрлік «Педагогті қорғау» Telegram-чатын іске қосты. 2 айдың ішінде чатқа 33 мың адамнан 5 мыңға жуық өтініш түскен. Сұрақтардың басым бөлігі сағаттарды бөлуге, аттестация, мұғалімдерді міндетінен тыс қызметке тартуға, олардан шамадан тыс есеп беруді талап етуге, еңбекақы төлеуге қатысты. Осыған байланысты білім бөлімдері мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», деп айтты Ернұр Дәуенов.

 

Сәйкес жаңалықтар

Ғасырға жуық тарихы бар Қызылорда медициналық жоғары колледжі

zamandas69@mail.ru

ШІЛДЕ АЙЫНДА 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТӨЛЕНДІ

zd_admin

Қазақстанда буллингке қарсы отандық «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы аяқталды