Елордада өңірлік БАҚ форумы өтіп жатыр

0
195

Бүгін «Қазмедиа» орталығында өңірлік мерзімді баспасөз басылымдары форумы басталды.

 

Ақпарат және  қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан өңірлік БАҚ форумын Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов ашты.

«Форум барысында медиа саласында туындаған бірқатар мәселені қызу талқылау, ой-пікірлерді ортаға салу жоспарланып отыр. Іс-шараның басты мақсаты – заманауи медиа саласы бойынша оңтайлы тәсілдер қарастырып, бір-бірімізбен тәжірибе алмасу, оған қоса мерзімді баспасөз саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікірталас алаңын ұйымдастыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында бүгінде БАҚ бәсекеге қабілетті әрі еркін болуы керек екенін атап өтті. Бұл қағидат кез келген өркениетті мемлекет үшін маңызды болып қала бермек», деді модератор форумның ашылу салтанатында.

Қанат Ысқақовтың айтуынша, бүгінде мерзімді баспасөз саласында бәсекеге қабілетті болу үшін ақпараттың сапасына айрықша назар аудару қажет. Сондай-ақ ол Қазақстандағы медианы одан әрі дамыту үшін министрлік жыл сайын өткізіп отыратын «Тұмар» мен Astana Media Week іс-шараларында өңірлік БАҚ саласына қатысты мәселелер қозғалатынын атап өтті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ