Үстел теннисінен жаттықтырушылар шәкіртақы алады

0
178

Өткен көктемде Қазақстан Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин өз қаражаты есебінен Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 20 жаттықтырушыға шәкіртақы тағайындаған болатын. Биыл тәлімгерлер тағы да шәкіртақы алады, бұл мақсатқа 40 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

«Федерация тарапынан біз жаттықтырушыларға қосымша мүмкіндіктер жасап, олардың біліктілігін арттырып, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуде қосымша мотивация ұсынып жатырмыз. Баршаға белгілі, соңғы жылдары әкімдіктердің қолдауымен және демеушілік есебінен Теннис орталықтары Қарағанды, Алматы, Астана, Тараз, Павлодар, Ақтөбе, Өскемен, Шымкент қалаларында ашылды. Спортқа деген қызығушылық балалар мен ересектер арасында артып келеді, сондықтан біз жаттықтырушылар құрамын дамытамыз, семинар-тренингтер өткіземіз», деді Данияр Әбілғазин.

Қазақстанда үстел теннисімен 220 000-ға жуық адам жүйелі түрде айналысады, 280-ден астам жаттықтырушы 8 мыңнан астам спортшымен тұрақты негізде жұмыс істейді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ