Өнерімен мойындатты

0
195

16 жастағы Данэлия Тө­ле­шова тағы да America’s Got Talent шоуына қатысып жатыр. Ол бұл жолы да ән айту мәнерімен АҚШ-ты мо­йындатты.

Америкадағы конкурстың бірінші кезеңінде Данэлия гол­ландиялық әнші Дункан Лоу­ренс­тің «Arcade» әнін орындады. Оның орындауы жобаның қазылары мен көрермендеріне қатты ұнады. Олар Төлешова өнер көрсетіп болған соң орын­дарынан тұрып, қошемет көр­сетті.

Қазылар алқасының мүшесі Хайди Клум таңданарлық орын­дау екенін айтса, тележүргізуші Хоуи Мэндел ән арқылы отбасы мен Отанына деген сағынышын байқағанын атап өтті.

Данэлия Төлешова – «Голос. Дети» конкурсының төртінші маусымының жеңімпазы, «Дет­ская Новая волна – 2015» кон­кур­сының көрермендер көз­айы­мы жүлдесінің иесі. Ол танымал America’s Got Talent дарындылар шоуына 2020 жылы да қатысып, финалға дейін жетті.

Айбике ЖАНАСЫЛ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз