ҚазҰУ –армандар тоғысуының торабы  

0
338

Әр дәуірдің өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары, перзенттерінен талап ететін шарттары мен өмір сүру дағдысы болатыны белгілі. Өткен замандарда адам баласы өзінің физикалық қабілетімен, жан аямай қылған қызметі арқылы дамып, көбейді. Ал, бүгінгі XXI ғасырдың перзенттеріне қояр талаптар мүлдем бөлек. Бүгінгі заманның сипаты – тынымсыз іздену дер едім.  Иә, адам баласы белгілі бір жолға түсіп, қарым-қабілетін дамыту үшін бағдар болар ұстаздың, әсер етер ортаның болуы шарт.

Тарихы сонау 1934 жылдың 15 қаңтарынан бастау алатын қасиетті қара шаңырақ ҚазҰУ – жоғарыда аталған талаптардың баршасына лайықты. ҚазҰУ – жан-жақты дамығысы келетін позтивті жастар мен білікті кадрлардың басын қосқан шаңырақ. Бүгінгі әлем елдері арасында супер держава атанып отырған кәрі құрлықта «Америкалық арман» деген түсінік бар. Мәні: Ең үздік етікшіден бастап – аспаз, шаштараз, тіпті басшы мен құқық қорғаушы да Америкада деген сарында. Ал біз осы орайда, «ҚазҰУлық арман» деген түсінікті ұсынғымыз келеді. Бұл ойымызды жаңсақ деп те санамаймыз. Неге? – дейтіндерге: Ел тәуелсіздігін алғаннан бері жасалған іргелі істердің басы-қасында жүрген мамандардың басым көпшілігі осы ҚазҰУдан шыққандығын тағы қайталай айтқымыз келеді. ҚазҰУ сол себепті де – тұңғыштардың мекені. Мәселен:

Кетем бе, кейде, бала боп,

Жүрсем де алыс, шалғайда.

Қайда сол, КазГУ-городок,

Алматы қайда, мен қайда? – деп жырлаған,  қазақтан шыққан тұңғыш бард  ақын – Табылды Досымовтың өзі сөзімізге дәлел емей не?

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық универсиеттінің аты алты алаш түгілі – алты құрлыққа мәшһүр болды десек артық айтқандық емес. Расымен, ҚазҰУ шәкірттерінің бармаған құрлығы, шықпаған тауы жоқ болса керек.  Бұл да болса, ҚазҰУдаға берілген тәлім-тәрбие мен білімнің арқасы деп білеміз. «Ағаш–ағаштан мәу алады, адам-адамнан тәлім алады» дейді дана халқымыз, ҚазҰУдағы жасалған жағдай мен берілген мүмкіндіктерді айырықша айта кеткіміз келеді. ҚазҰУ студенттері болашақ мамандықтарына қатысты теориялық білім мен тәжірибені қатар ұштастырып қана қоймай, студенттік өмірлерінде қызықты да думанды өткізе алады. Әр түрлі студенттік ұйымдардың арқасында қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып – жақын достар мен қызу тірліктің ортасында жан-жақты жетілген, жауапкершілікті адам ретінде қалыптасуына толық мүмкіндіктер мен алғы шарттар жасалған.

Білікті маман даярлауда жоғарғы оқу орнының білім беру ісіндегі үдерісі – студенттің теориялық-тәжірибелік шыңдалуына, білім мен тәжірибені шебер ұйымдастырып, білікті маман болып шығуына толық  негіз болады.

Қазақ Ұлттық университетінің болондық білім беру жүйесі – теориялық-тәжірибелік кәсібилікке сүйенеді. Университет қабырғасында студенттің толыққанды өз саласының қыр-сырын тануына, оқу  барысында тереңдетілген тапсырмалар мен ғылыми зерттеулер жүргізуіне, шығармашылық қабілеттерін арттырып, креативтік ойлау жүйесін арттыруға  жағдай жасалған.

Университет соңғы технологиямен жабдықталған заманауи техникалық базасынан бөлек, әлемнің әр түрлі елдерінен білім алған, үнемі ізденісте жүретін білікті кадрларымен де мақтанады. ҚазҰУ да сабақ беретін ұстаздар, бірнеше шет тілін еркін меңгергенінен  бөлек, түрлі әлемдік ғылыми конференциялар сен байқауларға  қатысып, білімі мен біліктілігін арттырып отырады. Әлемнің беделді ғылыми-танымдық басылымдарында ҚазҰУ оқытушыларының шығарған материалдары жарық көріп тұрады. ЖОО-ның басшылығы «бұлақ көрсең көзін аш» деген ұстанымнан айныған емес,  өз студенттері мен мамандарынан еш нәрсе аямауға пейіл. Өз кезегінде шет елде білім алып қарім-қабілетімді ашамын, дамимын деген студенттерге көптеген тиімді оқу бағдарламалары қарастырылған.

Бәрін айт та, бірін айт. ҚазҰУ – Қазақстан азаматтарының, қазақ халқының бір бөлшегі іспетті. ҚазҰУ тарихын – Қазақстан тарихынан бөліп қарауға келмейді. ЖОО-ын тамамдаған неше мыңдаған мамандар, елдің дамуы мен тұрақтылығына – көз майы мен маңдай тері арқылы үлес қосып келеді. ҚазҰУ дың он алты факультетінің қай-қайсысын тамамдаған түлек болса да, мейлі ол қай жердің, қай мекеннің тумасы болса да ҚазҰУлық деген мәртебеге ие деп санаймыз. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлтық университетінде шыққан тегіне, ұлтына, қай елдің азаматы екеніне қарамастан бірнеше мың шәкірт білім алуда. ҚазҰУ қалашығын – жер бетіндегі жалын атқан жастық пен романтканың бақшасы деп толық айта аламыз.  Сөз соңын шәкіртіміз Е. Сапаровтың бір шумақ жырымен аяқтағымыз келеді:

Келдің бе, дара шауып қатарыңнын,

Аулақ бол жаман ойдан қапа қылған.

ҚазҰУдың студенті болғандардың,

Бүгінде, ат үркеді – атағынан!

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ, заң факультетінің

оқытушылары; Ш.Б. Маликова,

Г.М. Атаханова,

О.Н. Тлепбергенов,

А.Б. Избасова,

С.Б. Маликов

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ