Жауапкершілік күшейеді

0
222

Енді полиграфиялық ақау, сондай-ақ пәндік сараптама комиссия­сы бекіткен нұсқадан ауытқу нә­ти­жесінде кеткен қателер мен бас­қа да кемшіліктер анықталған жа­ғ­­дайда, оқулықтар мен оқу әдіс­темелік кешендерді баспа өз есебі­нен ауыстыруға міндетті. Бұл туралы республикалық ғылыми-прак­тикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлады.

– Біз мұндай құқықтық норма арқылы барлық тараптың өзара жауапкершілігін күшейту мектептегі оқу әдебиетінің сапасын арттыруға оң әсер етеді деп санаймыз, – деді орталық басшысы Елдос Нұрланов.

Еске сала кетейік, соңғы үш жылда Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік сараптама рәсімдерінің объективтілігін арттыруға, сарапшыларға, авторларға және оқулықтарға қойылатын талаптарды нақтылауға бағытталған бірқатар заңнамалық шара қабылдады.

2020 жылы сараптама жүргізу үдерісі толығымен құпия режімге ауыстырылды. Министрлік сайтында pdf және epub форматындағы қағаз оқулықтардың электронды нұсқалары ашық орналас­тырылып, авторлары көрсетілмейтін болды. Бұл сараптаманың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар баспаларға ішкі сараптама жүргізу, авторлардың оқу әдебиеттерін әзірлеудің әдіснамасы, оларды бағалау критерийлері бойынша оқыту курсынан өткізу жауап­кер­шілігі жүктелді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ