AMANAT: барлық талап-тілектер ескеріледі

0
312

«AMANAT» партиясы халықпен жұмыстың проактивті форматын ұйымдастырды.

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауы халық көп жиналатын орталық базарда сайлаушылардың талап-тілектері мен ұсыныстарын жазып алды.

Іс-шараға «AMANAT» партиясының кандидаттары белсенді қатысты.

AMANAT

«Отау сауда» базарының аумағында қостанайлықтардың өтініштерін облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Евгений Сотников, Несібелі Бәсенова, Динара Өтебаева тыңдап, мәселелерін сұрап білді.

Мәселен, Тобыл қаласының тұрғыны үйінің ауласында балалар алаңын жаңарту қажет екенін айтса, сатушылардың бірі сауда орталығында желдеткіш пен жылу мәселесін жақсарту керегін жеткізді.

Сатушылар базарда автотұрақтың болмауы мәселесін көтерді. Сондай-ақ, «Военный городок» шағын ауданында жарықтың нашарлығы мен қоғамдық көліктің жүрмейтінін айтты. Тағы бір тұрғын Бауман көшесінде су көптеп жиналатынын айтып шағымданды.

AMANAT

«Сауда орталығына келіп, тұрғындардың барлық талап-тілектерін жазып алдық. Алдағы уақытта айтылған мәселелер мен әрбір ұсыныс ескеріледі», – деді кандидат Н.Бәсенова.

Сайлаушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, кері байланыс үшін телефон нөмірлерін қалдырды.

Жалпы, қостанайлықтар партияның бастамасын қолдап, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ