Әнші Qanay орамалды қызға үйленетінін айтты
Жас әнші Нұрболат Қанай “Taboo” бағдарламасында болашақ әйеліне бір ғана талап қоятынын ашық айтты.
Бағдарлама жүргізушісінің: “Болашақ жарың қандай болу керек?” деген сауалына әнші: “Болашақ жарым хиджабта болу керек. Орамалда болса, барлығы дұрыс болады деп ойлаймын. Орамал кимеймін десе, мәжбүрлемеймін. Орамалға жеткізетін, кигізетін Алла. Мен оған орамалды, дінді сөзбен емес, амалмен, мейіріммен жеткіземін. Болашақ жарым орамал тақса, менің оған деген сенімім күшейеді, күмәнім азаяды. Орамал тақса Алладан қорқатынына сенімді боласың”, – дейді өнер иесі.
Қанай даулы тақырыпты көтеріп отырғанын түсініп, бұлай айтуының себебін түсіндірді.
“Орамал тақпайтын қыздарды жаман деп жатқан жоқпын. Ол орамал тақпаса қызғанасың. Мен қатты қызғаншақпын, жалғыз мен емес,барлық ер адам қызғаншақ. “Қазақтар хиджаб кимеген” деген пікірмен келіспеймін. Сәукелені хиджаб кимеген қыз ойлап тапқан болар. Мұндай тақырыпта сөйлесуге менің білімім жетпейді. Бірақ шариғатта бар дүние екенін білемін”, – дейдә әнші әзіл-шыны аралас.