Байқамай су ішіп, тамақ жесе ораза бұзыла ма?

0
202

Рамазан айындағы парыз оразасы болсын, сүннет не нәпіл оразасы болсын қандайда бір ораза ұстаған кісі ұмытып ішіп не жеп қойса оразасы бұзылмайды.

Мұсылман ораза екендігі есіне түскен сәтте ішіп-жеуін бірден тоқтатуы керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Ауызы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені оған жегізген де, ішкізген де – Алла», деген.

Ал егер оразам бұзылды деген оймен, білместікпен ішіп-жеуін әрі қарай жалғастырса, Рамазан айынан соң сол күннің қазасын өтеу керек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ