Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Норвегияда Наурыз мерекесі тойланды

«NorKaz» ұйымы мен Қазақстан Республикасының Норвегиядағы елшілігі Наурыз мейрамын атап өтті.

Іс-шара барысында өткен мәдени бағдарлама қазақстандық музыкалық шығармалар мен билерді, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ырымдары туралы викториналарды, сондай-ақ спорт ойындары және т.б. қамтыды. Сонымен қатар қатысушыларға қазақ ұлттық тағамдары, оның ішінде Наурыз көже ұсынылды.

Іс-шара барысында елші Әділ Тұрсынов және «NorKaz» ұйымының жетекшілері Бағытжан Калиев пен Лайла Мукушева сөз сөйледі.

Норвегияның «мұнай астанасы» атанған Ставангер қаласында шамамен 100-ге жуық отандас тұрады. Олардың басым бөлігі мұнай-газ саласындағы компанияларда жұмыс істейді.

Сәйкес жаңалықтар

Үкімет экономика салаларындағы әлеуетті тиімді пайдалануға басымдық беріп отыр — Олжас Бектенов

Күршімдегі көпір – жай ғана құрылыс емес, барлық өңір үшін жаңа үдеріс пен жаңа мүмкіндіктердің символы іспеттес

Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады