Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Израильде шерулер басылмай тұр

Израильде сот реформасына қарсы шерулер тыйылмай тұр. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху сот билігі тармақтарына өзгеріс енгізу жоспарын кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

Бұған қарамастан демонстранттар Тель-Авив көшелерінен тарқаған жоқ.

Бұл жолы олар Ұлттық қауіпсіздік министрлігі жанынан Ұлттық гвардия құру жоспарына наразылық білдірді. Айта кетсек, Израильдегі шерулер бірнеше аптадан бері жалғасып жатыр. Бұл туралы qazaqstan.tv хабар таратты.

Оппозиция Премьер-министр ұсынған сот реформасы сот жүйесінің тәуелсіздігін шектеуге бағытталған деп есептейді.

Ал Нетаньяху керісінше, мұны жоққа шығарып отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Операторлар күн сайын 6000-ға дейін кіріс қоңырау қабылдайды

ҚЫЗЫЛОРДАДА «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АТТЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бұл – инвесторлардың Қазақстанға деген сенімінің символы