Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Астанада VI Qazaqforum өтіп жатыр

Елордада жыл сайынғы VI медиа форум басталды.

Астанада өтетін жыл сайынғы қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың форумы медиа сарапшылар, журналистер, бас редакторлар, блогерлер мен влогерлердің басын қосады.

Осы жылдар ішінде QazaqForum сарапшылар мен мамандардың басын қосып, қазақтілді онлайн медианың дамыту мәселелерін талқылайтын жалғыз алаң ретінде танылды. Жалпы үш жылдың ішінде шараға 400-ден астам адам қатысты. 2018 жылдан бері Форум аудиториясы кеңейіп, енді қатысушылар мен спикерлер кез келген онлайн ресурстағы қазақша контенттің  мәселелерін қарастыратын болды.

Форум Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің сөзімен басталды. Министр қазақ медиасы туралы айта келіп, жобаның маңызына тоқталды. Содан кейін АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм сөз сөйледі.

Сәйкес жаңалықтар

Министрлер тұрғын үйін жалға бере алады

Екі адамды атып өлтіріп, тағы екеуін жаралады: Арыста күдіктілер ұсталды

Оқушыларға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынуы мүмкін