Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Биыл 6,1 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 6 114 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 112,6 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан бері Қазақстанға қандастардың жартысы (53,9%) Өзбекстаннан келген. Сондай-ақ 19,1% – Қытайдан, 12,1% – Ресейден 5,6% – Түрікменстаннан, 5,7% – Моңғолиядан, және 1% басқа елдерден қоныс аударған.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,2%), Маңғыстау (13,8%), Түркістан (6,4%) және Жамбыл (5,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (11%), Алматы (8,8%) және Шымкент (7,1%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 68,8%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші азаматтар 22,9%-ды және зейнеткерлер 8,3%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 18%-ы жоғары білімді, 38,6%-ы орта кәсіби білімді, 37,4%-ы жалпы орта білімді және 5,9%-ының білімі жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

Үкімет басшысы әкімдіктерге елді мекендердегі бағдаршаммен реттелетін жаяу жүргінші жолдарының санын көбейтуді тапсырды

Баланы балабақшаға кезекке қоюдың тағы бір жолы пайда болды

Екінші қызын бортқа мінгізбей, қалдырып кеткен.

zamandas69@mail.ru