Қамшыбек мені Қазақстанға шақырды – Джалолов

0
192

Өзбекстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов Ташкенттегі әлем чемпионатында қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевпен жекпе-жек өткізгеннен кейін пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

Боксшы кездесу алдында қатты толқығанын жасырмады және қазақстандық боксшымен өмірде дос екенін айтып өтті.

«Мені қолдағандардың бәріне рақмет. Мен жекпе-жекте қолдауларыңызды сезіндім. Шынымды айтсам, кездесу алдында қатты толқыдым. Ринг қожайыны болғандықтан ба, әлде басқа нәрсе ме, білмедім. Құдайға шүкір, жеңдім. Алтын медаль үшін алдымда тағы екі жекпе-жек бар. Келесі жекпе-жектерде әдемі әрекеттер жасап, сенімді ақтауға тырысамын. Мен Қамшыбек Қонқабаевпен доспын. Ол мені Қазақстанға шақырды, өзі Өзбекстанға келді. Бұл – спорт. Кім күшті болса, сол жеңеді. Біздің арамызда ешқандай келіспеушілік жоқ. Ол өз Отанын қорғайды, ал мен өз елімнің намысын қорғаймын», – деді Джалолов sports.uz-ге.

Естеріңізге сала кетейік, Джалолов әлем чемпионатының ширек финалында Қоңқабаевпен кездескен болатын.

Фото: dzen.ru

ПІКІР ҚАЛДЫРУ