Құрметті достар!
Осыдан бір ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған апта сайынғы брифингімде біздің мемлекет Қытаймен өзара визасыз режим туралы келісімге қол қою үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатқанын жариялаған едім.
Бұл келісім екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына, азаматтар арасындағы байланыстарға, сауда саттықты кеңейтуге айтарлықтай қолдау болатыны сөзсіз. Оны барлығымыз түсініп отырмыз. Қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстан үшін неғұрлым көп елдермен тығыз қатынас орнату ұтымды екеніне күмән жоқ. Өздеріңіз білетіндей, біз сыртқы саясатта көпвекторлы бағытты таңдап, осы күнге дейін оны табысты жүзеге асырып келеміз.
Алайда әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынасты жаңа деңгейге шығаратын құжатқа қол қоюға қарсы бір топ белсенді қалың жұртшылыққа қате ақпаратты таратып жатыр. Осыған орай, Сыртқы істер министрлігінің атынан жоғарыда айтылған келісімге қатысты қысқаша тағы да қосымша ақпарат берейін.
Қорыта келгенде, визасыз режимнен қауіп жоқ. Біз бұдан пайда көрмесек, ұтылмайтынымыз анық. Әлемнің екінші экономикасы саналатын Қытаймен өзара тиімді саясатты жүргізу еліміздің ұлттық мүддесіне толық сай келеді.
