Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Қытайда жұмыссыз жастар көбейді

ERI Monitor агенттігі мәліметінше, Қытайда жұмыссыз жастардың саны рекордтық көрсеткішке жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл сәуір айында Қытайда 16-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі рекордтық жоғары (20,4 пайыз) мәнге жеткен.

ERI Monitor мәліметінше, бұл көрсеткіш орта және кәсіптік мектептердің жақын арадағы түлектеріне (15 пен 18 жас аралығында), сондай-ақ колледж студенттеріне (шамамен 22 жастағы) қатысты.

Сондай-ақ ел бойынша сәуірдегі жұмыссыздықтың жалпы көрсеткіші соңғы 16 айда рекордтық ең төменгі мәнге дейін төмендеген.

Бұған жұмыс орындарының жетіспеуі мен кәсібиліктің төмендігі себеп болып отыр.

 

Сәйкес жаңалықтар

Құқық қорғау институттарының күшеюі гендерлік теңдікті ілгерілетіп, қорғау үшін сенімді жағдай жасайды

МӘМС жүйесі ел азаматтарына қымбат медициналық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді

Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті