Бүгін ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы

0
327

Қазгидромет ел аймақтарында 7 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, соған байланысты найзағай мен өткінші жаңбыр, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі сақталады, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста бұршақ, батыста шаңды дауыл күтіледі.

«Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында өте қатты ыстық болады.

Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады, Алматы және Жетісу облыстарыңда қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы және Жетісу облыстарының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады», – деп жазды синоптиктер.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ