Биыл егістік үшін ауа райы қалай болмақ

0
306

Сурет ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев егістік үшін жазғы ауа райы қалай болатыны туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидрометтің мәліметінше, көктемгі ауа райы қолайлы болды. Ылғалдылық бойынша жағдай орташа жылдық норма деңгейінде. Алдағы уақытта ауа райының нашарлауы күтілмейді», – деді Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Ведомство басшысы мәлімдегендей, Қазгидрометтің болжамына сәйкес елімізде жазда қолайлы ауа райы күтіледі.

«Маусым айында жауын-шашынның орташа жылдық нормасы күтіледі. Шілде және тамыз айында ел аумағының басым бөлігінде оптимисті ауа райы болжанады. Тек батыс және оңтүстік аймақтарда күмән бар, біз оны бақылауда ұстаймыз. Әзірге дағдарыстың алғышарт белгілері жоқ», – дейді министр.

Айта кетсек, Е.Қарашөкеев мемлекет шаруаларға киіктен келген шығынды өтеп бере алмайтындығын хабарлады.

Сондай-ақ Үкімет отырысы барысында биыл астық түсімі 16 млн тонна көлемінде болатыны айтылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ