1 шілдеден бастап орман қызметкерлерінің жалақысы өседі

0
312

1 шілдеден бастап «Семей орманы» орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, төрт жыл ішінде жалпы сала бойынша қаржыландыруды ұлғайту жоспарда бар. Қаражат арнайы техниканы жаңартуға және өртті ерте анықтау жүйесін орнатуға бағытталады. 2027 жылға қарай материалдық-техникалық база 100 пайыз жаңартылады.

«Елімізде орман шаруашылығына 8,1 миллиард теңге бөлінді. Өртті алдын ала анықтау жүйесіне 4,1 миллиард теңге қарастырылды. Біз орманшылардың барлық қажеттіліктері бойынша жағдайды талдап, қосымша қаржы сұраймыз», деді Зүлфия  Сүлейменова.

Келтірілген шығынның нақты көлемін арнайы комиссия анықтайды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов 10 күн ішінде Абай облысындағы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тиісті қорытынды жасауды тапсырды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ