Қазақстанда экономикалық белсенділік деңгейі артып келеді – Ұлттық банк

0
158

Биылғы жыл басынан әлемдегі экономикалық белсенділік оң үрдісті байқатты. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«2021 жылғы 4,3%-бен салыстырғанда, жалпы ішкі өнім 2022 жылы 3,3%-ға артты. Осыған қарамастан, 2023 жылдың басынан бері әлемдегі экономикалық белсенділік оң үрдісті байқатты. Бұл іскерлік белсенділік индекстерінде көрініп отыр. Біз осы жағдайдың Қазақстанда да орын алғанын байқадық. Бес айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,5% деп бағаланды», – деді Пірматов.

Оның айтуынша, былтыр азық-түлік пен шикізат бағасының әлемдік деңгейде өсуінен, фискалдық ынталандырудан Қазақстанда инфляция жеделдей түсті. Әлемдегі логистикаға қатысты жағдайдың жақсаруына қарамастан, санкциялар мен батыс елдері компанияларының Ресейден кетуі Қазақстанда тауар жеткізу жолдарының қалпына келуіне кедергі болды. Осы жағдайлар қосымша проинфляциялық қысым көрсетті.

«Нәтижесінде 2022 жылдың соңында инфляция 20,3%-ға жетті. Азық-түлік бағасының өсімі инфляцияға едәуір үлес қосты. Ұлттық банк инфляцияны тұрақтандыру үшін инфляциялық таргеттеу режимін ұстана отырып, дезинфляциялық монетарлық саясатты жүргізуде. 2022 жылы Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін көтерді. Базалық мөлшерлемемен қатар теңгедегі активтердің кірістілігі де өсті», – деді ҰБ басшысы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз