Иесін өмір бойы күткен Хатикоға – 100 жыл
Суретте әлемге әйгілі ит – Хатико (біріншісі – өмірде, екіншісі – фильмде). Ол туралы «Хатико: Ең адал дос» (ағылш. Hachiko: A Dog’s Story) атты шынайы оқиғаға негізделген фильм түсірілген.
Енді оқиғаның қалай болғанын баяндайық. Жапондық акита-ину тұқымының иті, иесінің адал досы Хатико 1923 жылдың қараша айында дүниеге келген. Туғаннан кейін оны Токио университетінің профессорына сыйға берген. Профессор күшікке Хатико есімін береді. Ит егесінің артынан қалмайтын болған. Қожайыны әр таң сайын жұмысқа кеткенде Сибуя бекетіне дейін шығарып салып, сағат 15:00-де күтіп алады екен. Ол қанша жыл өтсе де, ит осы әдетінен жаңылмаған.
Профессор 1925 жылдың 21 мамырында жұмыс үстінде жүрек талмасынан көз жұмады. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Ол кезде Хатико 18 айлық төбет болған. Иесін күтіп отырған ол дәл сол түні үйгіне жалғыз қайтқан. Алайда иесіне адал төбет әр күнін оны күтумен өткізеді. 1932 жылы Токиодағы белгілі газетке «Күнін иесін күтумен өткізетін сенімді төбет» атты мақала жариялағанда, бұл оқиға жапон халқының жүрегін елжіретті. Тіпті, Сибуй бекетінде иесін күтіп отырған итті көруге халық ағылып келе бастаған…
Сөйтіп, Хатико бекетке 9 жыл бойы келіп жүреді. 1935 жылы 8 наурызда оның өлі денесі бекеттің жанынан табылған. 1934 жылдың 21 сәуірінде Хатикоға арнап ескерткіш тұрғызылды. Ол кезде ит тірі болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ескерткіш бұзылып, майдан аяқталғаннан соң, 1948 жылы қайта қалпына келтірілді. Қазір бұл ескерткіш адалдық пен сенімділіктің символындай болып тұр.