Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Қазақстанда халықтың жартысынан көбінің табысы мардымсыз

фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтардың жартысынан көбінің өз өміріне көңілі толмайды. Бұл дерек Ұлттық статистика бюросының халықтың өмір сүру сапасы туралы жүргізген сауалнамасы нәтижесінде белгілі болып отыр.

Бюро мәліметінше, сауалнамаға қатысқан респонденттердің 41,8%-ы ғана өздерінің өмір сүру сапасы көңілдерінен шығатынын айтқан. Олардың көбі – ауыл тұрғындары. Ал қала тұрғындарының тек 39,6%-ы ғана күнкөрісіне разы.

Респонденттердің айтуынша, олардың табысы мардымсыз. Сауалнамаға қатысқандардың тек 1%-ы жоғары табыс тапса, 72,2%-ның кірісі орташа деңгейде.

Қазақстандағы ер адамдар әйелдерге қарағанда өз өмірлеріне риза. Ерлердің 45,4%-ы, ал әйелдердің 39,5%-ы өмір сүру сапасын оң бағалаған.

Еркеғали БОЛАТҰЛЫ

Сәйкес жаңалықтар

«Конституция – этносаралық келісімнің берік іргетасы» диалог алаңы

Адамдардың әрбір жылы сөзі мен ықыласы маған алға қарай жүруге күш береді

Ақтөбеде 13 жастағы бала мектепте көз жұмған: денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді