Қазақстан қалаларында пәтер жалдау ақысы тағы шарықтады

0
256
көрнекі фото: Halyq Uni

Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу тағы да қымбаттай бастады. Бұл туралы Krisha.kz хабарлады.

27 маусым мен 26 шілдені салыстырғанда, 1 айда баға 4,2% өскен. Өсім 13 қаланың 11-де тіркелген.

Тұрғын үйді жалға беру бойынша ұсыныстар бағасына жүргізілген мониторинг нәтижесі мынадай:

  • Қостанай, Петропавлда – 10%;
  • Алматы, Шымкентте – 7%;
  • Ақтауда – 5%;
  • Ақтөбеде – 4%;
  • Астана, Қарағанды, Оралда – 3%;
  • Павлодар, Көкшетаудa 2% артты.

Атырауда баға өзгерген жоқ. Ал Өскеменде 1 пайыз төмендеді.

Сұраныс пен жалдау бағасының өсуі шілденің ортасында басталды.

27 шілдедегі тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы мынадай:

  • бір бөлмелі пәтер – 124 мың теңге;
  • екі бөлмелі пәтер – 165 мың теңге;
  • үш бөлмелі пәтер – 209 мың теңге.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ