CaspianEx Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығына мүше болды

0
231
Дәурен Қарашев, фото: kabt.kz

CaspianEx криптовалюта биржасы Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының мүшесі болды. Ұйым өкілдері бұл қадам Қазақстанның толыққанды криптоэкожүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтады.

Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының басқарма төрағасы Дәурен Қарашевтың айтуынша, еліміз дәл осы қарқынмен әлемдегі криптонарығы мықты дамыған АҚШ, Қытай, Ұлыбритания сияқты елдермен бір қатарда тұруға үлкен қадам жасап отыр.

CaspianEx – Астана халықаралық қаржы орталығының қатысушысы, цифрлық активтер саудасын жүргізуге, сондай-ақ депозитарлық қызмет көрсетуге лицензиясы бар санаулы биржаның бірі.

Біз нарықтағы осындай ойыншыларға жақсы қараймыз. Олар бізге келсе, бәрімізде ортақ түсінік қалыптасады. Сол арқылы криптобиржада қандай қиындықтар бар екенін жақсы біле түсеміз. Елде криптобиржа дамыса, ол үлкен пайда әкеледі. Өйткені, криптобиржалар майнерлерге қызмет көрсетіп, сәйкесінше комиссиялық пайдасын алады. Ондағы транзакциялар мен түрлі төлемдер бойынша екінші деңгейлі банктер де пайда көреді, – дейді Дәурен Қарашев.

Қауымдастық басшысының айтуынша, екіншіден криптоэкожүйе қалыптасады. Ондай жүйе толық қалыптасқан жағдайда ол фиат ақшаны (қағаз ақша) нарықтан ығыстырып шығарады. Өйткені, фиат ақша жүйесі орталықтандырылғанымен, онда қағазбастылық пен жемқорлық көп. Ал блокчейнде бәрі басқаша – онда ашықтық, жариялылық басым.

Сарапшының сөзінше, Қазақстанның әлемдегі ең үлкен криптобиржасы бар АҚШ, Қытай, Ұлыбританиямен бір қатарда тұруға толық мүмкіндігі бар. Қауымдастық осы қатарға кіру арқылы мемлекетке көмектесе алады.

Біз криптобиржаларға өз ережемізді айтамыз. Соған олар мойынсұнуы керек. Одан соң мемлекет те біздің үнімізді естиді. Нәтижесінде қауымдастық пен криптобиржалардың және мемлекеттің мүддесі бір жерде тоғысады, дейді қауымдастық басшысы.

Айта кетейік, Қазақстанда жуық арада қолға алынатын «Цифрлық активтер туралы» заң бойынша, 2024 жылдан бастап майнерлер Астана халықаралық қаржы орталығы алаңында активтерінің 50%-ын, 2025 жылдан бастап 75%-ын сатуға міндетті болады. Сондай қарбалас майнерлер осындай сенімді биржалардың қызметіне жүгіне алады.

Ербол ТҰРЫМБЕТ


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ