Алматыдағы өрт: төтенше жағдайдың баспалдағы жабық болған

0
201
Фото: ашық дереккөз

Кеше Алматыдағы «Ақкент» шағынауданындағы өрт шыққан үйдің Жасұлан есімді тұрғыны қаланың шенділеріне тілсіз жаудан қалай аман қалғанын айтып берді. Оның айтуынша, үйдің жоғарғы қабаты отқа оранып жатқанда өрттен қалай құтылатынын білмей, өрттің толық сөнгенін  күтуге мәжбүр болған.

Мен осы үйдің 16-қабатында тұрамын. Өрт сөнгеннен кейін далаға ең соңғы болып шықтым.  Өйткені, өрт сөндірушілер баспалдағы жабық болды. Шыны керек, ана жер адам өміріне қауіпті. Сіздер түсінемін, түсінемін дейсіздер. Сіздер бастарыңызға келмеген соң еш нәрсені түсінбейсіздер, –  деді ол шенеуніктерге.

Еске сала кетсек, кеше кешкісін Алматы қаласындағы «Ақкент» шағынауданындағы № 54 үйде болған өрттің  салдарынан 1 адам көз жұмып, 43 адам зардап шекті. Төтенше жағдай қызметкерлері 16 қабатты үйден 200-ден астам адамды эвакуациялады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз