1 қыркүйектен бастап үй жануарларын есепке қою міндеттеледі

0
223
Фото: Қостанай облысы әкімдігі

Елімізде 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын есепке алу ережелері күшіне енеді. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Ереже иттер мен мысықтарды міндетті түрде есепке алуды көздейді. Үй жануарларын есепке алуды жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы орган жануарларды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйені өзі айқындайды. Сондықтан азаматтар сұрақтар бойынша жергілікті әкімдікке жүгінуге құқылы.

Есепке алу нормаларын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 407-2-бабында тиісті айыппұл көзделген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ