Әйгілі қақпашы Буффон футболмен қоштасты

0
208
Фото: ашық дереккөз

Италияның атақты голкипері Джанлуиджи Буффон 45 жасында футболдағы мансабын аяқтады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Жігіттер, осымен болды! Сендер маған бәрін бердіңдер, мен де сендерге барымды бердім. Біз бәрін бірге істедік, – деді Буффон.

Джанлуиджи Буффон 1978 жылы Италияның Тоскана облысының Карарра қаласында туған. Ол ересектер командасына ерте келген.

1995 жылы 17 жасында «Парма» клубында ойнай бастаған. Бұл команданың қақпасында 2001 жылға дейін тұрып, сол жылдан бастап 2018 жылға дейін Туриннің «Ювентус» клубының қақпасын қорғаған. Одан кейін 2018-2019 жылдары Францияның «Пари Сен-Жермен» жасағының жейдесінде алаңға шыққан.

Буффон мансабының соңына дейін «Парма» клубында ойнаған. Бұл команданың қақпасын 2021 жылдан бері күзетіп келді. Осы уақытта ол  44 матчта «пармалықтардың» жейдесін киіп көрген.

Әйгілі голкипер ұлттық құрамаға 1995 жылы шақырылған. Содан бері ол бес әлем чемпионатына, атап айтқанда  1998, 2002, 2006, 2010 және 2014 жылдары болған мундиальдарға қатысқан. Ал 2006 жылы Германияда әлем чемпионы болып, турнирдің ең үздік қақпашысы атанған. Буффон ұлттық құрамада 2018 жылға дейін ойнап, әлемдік футболдың рекордшы-қақпашыларының бірі болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ