Қазақстанда ұялы байланыс тарифі тағы көтеріле ме?

0
245

Астанада өткен баспасөз мәслихатында ұялы байланыс операторлары тариф тағы көтеріле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Жақында Қазақстандағы үш оператор да тамыздан бастап тарифтің өсетінін мәлімдеді. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер «Жылдың соңына дейін тариф тағы көтеріле ме?» – деп сұрады.

Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадиннің айтуынша, ондай жоспар жоқ.

«Шынымды айтсам, есімде жоқ, біздің жоспарымызда ондай өзгеріс болмаған сияқты. Көтерілмейтін шығар», – деді Настрадин.

«Мобайл Телеком-Сервис (Tele2/Altel)» ЖШС бас директоры Сергей Коньковтың айтуынша, тарифтер барлық абоненттік базаға бірден көтерілмейді.

«Базадағы тарифтерге қарай баға да өзгеріп тұрады. Дәл қазір қай тарифтің «монетизациядан» өткенін айта алмаймын. Сондықтан базаның бір бөлігі бойынша баға көтерілетін шығар», – деп атап өтті Коньков.

Ал «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков: «Дәл қазір осы сұраққа нақты жауап беруге дайын емеспін», – деп қысқа ғана қайырды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ